Понедельник, 20 октября, 2025
22.4 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда "Ауыл Барысы" туринирі өз мәресіне жетті

Мақтааралда “Ауыл Барысы” туринирі өз мәресіне жетті

Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі «Мырзакент» спорт сарайында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық деңгейдегі «Ауыл Барысы» турнирі өз мәресіне жетті.

Бұл жарыс – ұлттық спортты насихаттап, жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, патриоттық тәрбиені күшейту, сондай-ақ қазақ күресін халықаралық деңгейге шығару мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан маңызды спорттық жоба.

2023 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан турнир ел ішіндегі ұлттық спорт жанашырлары мен жас палуандардың асыға күтетін додасына айналды.

Биылғы жарысқа Өзбекстан Республикасынан және Қазақстанның Қызылорда облысы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының барлық қала-аудандарынан барлығы 400-ге жуық жас спортшы қатысты. Турнир барысында әр өңірдің үздік палуандары белдесіп, финалдық кезеңде нағыз мықтылар анықталды.

Турнир жеңімпаздарына «Ауыл» партиясы арнайы дайындаған медальдар, дипломдар, қаржылай сыйақылар және белбеулер табысталды. Турнирдің ең үздік палуаны – түйе балуан атағын жеңіп алған Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі №1 спорт мектебінің қазақ күрес бөлімінің спортшысы Ербұлан Абілқасым 200 мың теңге көлеміндегі қаржылай жүлде, медаль, диплом, белбеу және арнайы жеңімпаз кубогымен марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «Ауыл» партиясының Түркістан облыстық филиалының аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, сондай-ақ өңірдің спорт майталмандары мен партия белсенділері қатысты.

«Ауыл Барысы» турнирі – тек спорттық бәсеке емес, бұл ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, ауыл баласының арманына дем беріп, қазақ күресінің болашағына жол ашатын игі бастама. Ұлттық идеяны ту еткен, ел болашағы – жастарға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ