Понедельник, 13 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Мақтааралда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік шарасы өтті. Тазалық пен қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолға алынған іс-шараға аудан бойынша 3650 адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ардагерлер, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсенділік танытты.

Сенбілік барысында аудан аумағында орналасқан бірқатар маңызды нысандар мен инфрақұрылымдар күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойы, сондай-ақ К-18 және К-13-5 каналдарының айналасы арам шөптер мен қатты тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Тазалық жұмыстарына 18 дана арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 30 тоннадан астам күл-қоқыс сыртқа шығарылды.

Бұл жолғы сенбілік тек тазалық шараларымен шектелмей, көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстарымен де ерекшеленді. Биылғы көктем-күз маусымындағы ағаш егу жұмыстары жылдағыдан ерте басталды. Осыған орай, Мырзакент кентінде орналасқан «Тәуелсіздікке 30 жыл» саябағында салтанатты түрде ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылып, 30 түп арша (можжевельник) көшеті және  630 дана қара ағаш пен басқа да көшеттер егілді. Сондай-ақ, саябақ пен кенттің жаңа мөлтек ауданының аумағында да тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, қара ағаш және өзге де жасыл желек түрлерін отырғызуға арналған 12 мың көшет орны алдын ала дайындалды. Жалпы алғанда, аудан бойынша күз мезгілінің соңына дейін 25 300 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл жоспар – аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, ауаны тазартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Сенбілікке қатысқан мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табуын қолдайтындарын жеткізді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ