Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықБ.Анарбеков Атакенттегі колледждердің мәселелеріне зер салды

Б.Анарбеков Атакенттегі колледждердің мәселелеріне зер салды

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков Атакент кентіне жұмыс сапарымен барып, өңірдегі білім беру мекемелерінің жай-күйімен танысты.

Сапар аясында ол №14 колледждің негізгі оқу корпустары мен жатақханаларын аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасын көзбен көріп, жағдайға зер салды.

Кездесу барысында колледж басшылығы мен оқытушылар құрамы қазіргі таңда өзекті болып тұрған бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, кейбір оқу ғимараттары мен жатақханаларды күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңадан салу, оқу құрал-жабдықтарын жаңарту, жатақханадағы тұрмыстық жағдайды жақсарту, сондай-ақ студенттерге қолайлы оқу ортасын қалыптастыру сынды мәселелер күн тәртібіне қойылды.

Бижан Анарбеков колледж ұжымының көтерген мәселелерін назарға алып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында облысқа ұсыныс дайындайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол білім беру сапасын арттыру, жастардың кәсіби білім алуына жағдай жасау – аудан басшылығының басты назарындағы міндеттердің бірі екенін айтты.

«Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан, колледждердің дамуына қолдау көрсету, материалдық-техникалық базасын жақсарту – біздің ортақ міндетіміз. Алдағы уақытта бұл мәселелер тиісті сала басшыларымен бірге қаралып, нақты шешімдер қабылданатын болады» – деді, аудан әкімінің орынбасары.

Жұмыс сапары барысында Бижан Анарбеков «Мақтаарал» аграрлық колледжінде де болып, нысан маңындағы ретсіз орналасқан сауда дүкендері мен жарналамарды ретке келтіру бойынша кент әкімшілігіне ескертулер берді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ