Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған: Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ө.Балажановтың төрағалығымен 2023 жылдың 25 мамыр күнгі өткен департамент жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін аудан, қалалық жерлерде тұрақты түрде қоғамдық қабылдау мен қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері қоғамдық кеңес отырыстарында қарау ұсынылған болатын.
Осыған орай, 2024 жылдың 7 ақпан күні, сағат 12-00 уақытта, Мырзакент кентінде орналасқан жаңа әкімшілік ғимаратында, аудандық адами әлеуетті дамыту, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы, жұмыспен қамту, экономика және қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары мен сәулет, қала құрылысы бөлімдерінің жауапты қызметшілерінің қатысуында, аудан тұрғындарын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында, қабылдауға келуші азаматтарға консультациялық кеңестер беріліп, қызмет алудың ыңғайлы жолдары бойынша кеңінен түсіндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.