Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметБижан Анарбеков Мырзакенттегі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуде

Бижан Анарбеков Мырзакенттегі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуде

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков Мырзакент кентін аралап, бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуде.

Атап айтқанда, Б.Анарбеков кент көшелеріндегі ойық-шұңқырлардың жөнделуін қадағалап, жұмысты сапалы орындау бойынша мердігер мекемеге ескертті. Қазіргі таңда бірқатар көшелерде жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар Мырзакент тұрғындарының қауіпсіз және жайлы жүріп-тұруына жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар, Бижан Анарбеков кенттегі балалардың ойын алаңдарының қазіргі жай-күйімен танысып, олардың заманауи талаптарға сай жаңарту қажеттігін атап өтті. Ол кент әкіміне ойын алаңдарын жөндеуден өткізу, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ретсіз орналасқан кәсіпкерлік нысандары мен тазалық мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімінің орынбасары кент аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтуді, қоқыс жиналатын орындарды жүйелі түрде ретке келтіріп отыруды және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруды міндеттеді.

Б.Анарбековтың айтуынша, жергілікті халықтың тұрмыс сапасын арттыру – аудан басшысының басты мақсаттарының бірі. «Халықпен ашық диалог орнатып, олардың пікірін тыңдау – атқарылатын жұмыстың сапасын арттырады. Біз тұрғындар көтерген әрбір мәселені назардан тыс қалдырмаймыз», – деді ол.

Аталған мәселелер алдағы уақытта да жүйелі түрде бақылауда болып, олардың шешілуі бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ