Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда 2026 жыл ауыз су мәселесін толығымен шешу жоспарлануда

Мақтааралда 2026 жыл ауыз су мәселесін толығымен шешу жоспарлануда

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентіне жұмыс сапарымен барып, аудандағы ең үлкен елді мекендегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарының барысымен танысты.

Атакент кентінің 2-бөлігі мен Өркениет елді мекенінде ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 млрд 881 млн теңге бөлінген. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 532,1 млн теңге. Құрылысты мердігер мекеме – «Радикон» ЖШС жүзеге асыруда.

Нысан құрылысы 2026 жылға өтпелі болғанымен, бүгінгі күнге дейін жұмыс көлемінің 65 пайызы орындалып қойды.

Қазіргі таңда сыйымдылығы 1000 м³ болатын 2 дана су резервуарлары орнатылды. Тереңдігі 275-280 метр болатын 2 дана ұңғыма қазылды. 320 метр қоршау, 1 бақылау-өткізу пункті (КПП) және 1 дана насос станциясы салынды. Диаметрі әртүрлі болатын полиэтилен құбырлары төселді.

Бұл жобаның іске асырылуы нәтижесінде Атакент кенті мен Өркениет елді мекенінің тұрғындары таза және тұрақты 24 сағат бойы ауыз сумен қамтылады. Аудан басшысы құрылыс сапасы мен мерзімінің сақталуын басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, ауданда елді мекендер 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алайда, ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 10 елді мекенге қайта құру жұмыстарын жүргізу қажет етеді. Атакент кенті мен Өркениет елді мекені аталған 10 елді мекеннің қатарында еді. Келесі жылдың соңына дейін қалған елді мекендердің де ауыз су жүйелері жаңғыртылып, ауданда ауыз су мәселесі толығымен шешу жоспарлануда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ