Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйСЭССАНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР - Берік Көмекбайұлы Торғаутов

САНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР – Берік Көмекбайұлы Торғаутов

Берік Көмекбайұлы Торғаутов 1948 жылы 1- мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата ауылында туылған. 1972 жылы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік медицина институын санитарлық дәрігер мамандығы, 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институының балалар және жасөспірімдер кафедрасының асистенті болып бастаған, онда 1976 жылға дейін еңбек еткен.

1976 – 1977 жылдары Қаз ССР ІІМ-нің санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер-эпидемиолог, 1977-1979 жылдары Алматы қалалық дезстансасында, 1979-1985 жылдары Шымкент қаласындағы Дзержинский (қазіргі Әл-Фараби) аудандық СЭС-те, 1985-2001 жылдары облыстық СЭС-те, 2001-2003 жылдары облыстық тубдиспансерде, 2003-2006 жылдары облыстық туберкулезге қарсы ауруханада бас дәрігер қызметтерін атқарған.

2006 жылы ҚР ДСМ МСЭҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл қызметті 2009 жылдың қыркүйек айына дейін атқарды. Сол айдан бастап 2013 жылдың маусым айына дейін ҚР ДСМ МСЭҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры қызметін атқарды.

2013 жылдың маусым айынан Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі болды.

1993 жылы медицина ғылымының кандидаты, 1996 жылы доцент ғылыми атағы, 2005 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген. 1999 жылдан бері облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарды.

Берік Көмекбайұлы ұжымымен бірге аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау, жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы екпелер егу, халықты таза сумен қамтамасыз ету, дұрыс тамақтану және тамақтан уланудың алдын алудағы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде жүргізе отрып, өңірдің эпидемиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосқан. Басшылық ету жылдары аса қауіпті тырысқақ ауруының, іш сүзегі, сібір жарасы, дифтерия, вирусты гепатиттің «А» жұқпалы ауруларының жұқтыру көздерін жою және аурудың таралуының алдын алудағы эпидемиологиялық іс-шараларды жүргізе отырып, облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуға үлес қосқан басшы.

2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалдарымен, 2007 жылы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2008 жылы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», төсбелгілерімен, 2013 жылы «Құрмет» орденімен, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Орталық сайлау комиссиясының, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы мен Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» атанған.

Берік Көмекбайұлы Торғаутов 2014 жылы дүниеден өткенге дейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтауға үлкен үлес қосып, адал қызмет атқарды. Кәсіби біліктілігімен және азаматтық ұстанымымен халықтың құрметіне бөленді.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ