Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйСЭССАНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР - Нышанов Сабыр Комаулы

САНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР – Нышанов Сабыр Комаулы

Нышанов Сабыр Комаулы 1942 жылы 25 тамызда Керегетас ауылы Ленгір ауданында туған.

Орта мектепті 1959 жылы бітіріп, Ленгір қаласындағы медициналық училищеге фельдшер мамандығына түсіп, 1962 жылы бітіреді.

04.03.1962 жылы Ленин ауданы Жаңаталап медициналық пунктінің меңгерушісі. 1963-1965 жылдар аралығында Совет Армиясының Москва қаласында фельдшер сан инструктор болып қызмет атқарды.

10.01.1965 жылы Ленгір ауданы 8-Март медициналық пунктінің меңгерушісі.

20.08.1966-03.07.1972 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтінің студенті.

Нышанов Сабыр Комаулы студенттік уақытында 19.07.1966-03.07.1972 жылдары Теміртау қаласында Кармет зауытының медсанчасында фельдшер, Қарағанды қаласында қалалық көкжөтел диспансерінде медбрат болып қосымша жұмыс атқарған.

26.07.1972 жылы Шымкент облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер эпидемиолог.

16.09.1974-18.11.1985 жылдары Бөген аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бас дәрігер және эпидемиология бөлімінің меңгерушісі.

18.11.1985-26.10.1990 жылдары Шардара аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бас дәрігер.

26.10.1990 жылдан бастап Төлеби аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бас дәрігер.

2005 жылдан бастап зейнеткер. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де денсаулық саласында қызмет атқаруда. 2005-2008 жылдар аралығында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман. 2008 жылдан Ленгір қалалық аурухана, емханаларда дәрігер эпидемиолог қызметін атқаруда.

Нышанов Сабыр Комаулы жоғары санатты дәрігер эпидемиолог, өз ісінің білгір маманы. Тәжірибелі маман, білікті басшы ретінде қарамағындағытарға методикалық әдістемелік көмек көрсетті. Өз кәсібін және мамандарындық біліктіліктерін үнемі көтеріп шыңдап отырды.

Салаға қатысты түйінді мәселелерді атқарушы органдардың қарауына қойып, дер кезінде шешілуіне ерекше ден қойған. Салаға қатысты бағдарламаларға ерекше мән береді. Халық арасында жиі болып санитарлық сауаттылықты кеңінен насихаттап, ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысты. Ортада сыйлы ел арасында абыройлы.

1985-1992 жылдары екі дүркін Шардара қалалық кеңесінің депутаты болып сайланған.

С. Нышанов 1966 жылы Ленин аудандық медицина бірлестігінің Құрмет Грамотасымен, 1971 жылы Қарағанды қалалық медицина бірлестігінің Құрмет грамотасымен, 1982 жылы КСРО денсаулық сақтау министрінің Алғысымен, 1991 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 2001 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен, 2005 жылы Төлеби ауданының құрметті азаматы төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттарымен Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.

Нышанов Сабыр Комаулы отбасылы, жолдасы Сейсенкүл екеуі дүниеге екі ұл, екі қыз әкеліп, олардан 11 немере сүйіп отыр. Балаларының үшеуі әке жолымен медицина саласында, бір ұлы заңгер қызметте.

25.06.2020 жылы 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ