Клочко Валерий Иванович (21.11.1946 – 09.12.2014жж.). Жоғарғы дәрежелі эпидемиолог дәрігер. Құрмет орденімен марапатталған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын 1972 жылы аяқтап, еңбек жолын Сайрам аудандық СЭС-да эпидемиологиялық бақылау бөлімінде эпидемиолог дәрігер болып бастайды, 1976 жылдан 1978 жылға дейін эпидемиологиялық бөлімде бөлім басшысы болып қызмет атқарған. 1978 жылдан бастап 2003 жылға дейін Түлкібас аудандық СЭС-на бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалып 2003-ға дейін қызмет атқарып, 2003 жылы зейнетке шығады.
Түлкібас ауданында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып жұмыс атқарған кезінде ауданның санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын тұрақты жағдайда болуына, аса қауіпті инфекциялардың алдын алу, халықтың санитариялық саламаттылығын арттыру бойынша тер төгіп қызмет атқарған.
Отбасында 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеген, үлгілі жар, өнегеле ұстаз. Еңбек жолында көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, еңбекке баулып, білікті маман болуына зор үлесін қосқан. Қызы Виктория Валерьевна Клочко әке жолын қуып, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының зертхана бөлімінде зертхана меңгерушісі болып жұмыс атқаруда. 2003 – 2014 жыл аралығында Түлкібас аудандық орталық ауруханасында госпиталды эпидемиолог болып жұмыс істеп, денсаулығы күрт нашарлап 2014 жылдың желтоқсанында Түлкібас ауданында қайтыс болған. Клочко Валерий Иванович өз саналы ғұмырын осы салаға арнап, ерең еңгебімен жадымызда мәңгі қалады.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов