Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйСЭССАНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР - Есқараев Оразымбет Ескараевич

САНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР – Есқараев Оразымбет Ескараевич

Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Бөген аудандық СЭС-ы 1964 жылы аудан халқына санитариялық-эпидемиологиялық бағытта қызмет ету мақсатында құрылды. Осы салада үлкен абыроймен қызмет атқарған, құрметті ардагерлеріміздің бірі – Есқараев Оразымбет Ескараевич.

Ол Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын 1966-1972 жылы маусым айында санитарлық дәрігер мамандығын бітіріп, сол 1972 жылы аудандық СЭС-ке эпидемиолог –дәрігері қызметіне орналасты. Ол саналы ғұмырын ел денсаулығын қорғау жолына арнауын осы уақыттан басталады.

Санитариялық-эпидемиологиялық саласында біліміне біліктілігі сай басшы болып, абыроймен қызметін атқарды. Оразбай Ескараевич 1976- 1993жыл және 1995- 2001 жылдары бас дәрігер болып аудандық СЭС-ті басқарды. Осы жылдарда аудан көлемінде вирусты сары аурулар, өткір ішек жұқпалы ауруларының эпидемиологиялық белең алулары тіркелген. Аса қауіпті жұқпалы іш сүзегі, сарып және туберкулез ауруларының тіркелу жағдайлары болған.

Қиын кезеңдерде тайсалмай, жауапкершілктен жалтармай, әрдайым алдыңғы шепте жүріп осы салаға еңбек сіңірген. Өз саласының нағыз кәсіби маманы ретінде Ордабасы ауданының медицина саласында халықтың әлеуметтік тұрмыстық ахуалын жақсартуға ауқымды үлес қосқан. Ауданда тұрғындардың өмір сүрудің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қолайлы ортасын қалыптастыру жолында аянбай еңбек еткен.

Осы жылдар арасында Оразбай Есқараевичтің ел үшін жасаған еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы», «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Еңбек Ардагері» медальдарымен марапатталды. Бұл марапаттар, оның халық денсаулығы жолындағы жасаған еңбегінің шынайы бағасы.

Өзінің көпжылдық еңбек жолында білімділігімен кәсіби біліктілігі арқасында ұжым арасында жоғары абырой- беделге ие болды. Халықтың денсаулығын сақтау және қоғамдық денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлесін қосқан. Өзінің көпжылдық адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестерінің арасында құрметке ие , жұбайы Әнипа екеуі 4 ұл-қыздан 14 немере сүйіп отырған азамат.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ