Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйСЭССАНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР - Қадырқұлов Хамрақұл

САНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР – Қадырқұлов Хамрақұл

Қадырқұлов Хамрақұл 1939 жылы 11 желтоқсанда Шымкент облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. 1956-1962 жылдар аралығында Ташкент қаласындағы Ташкент мемлекеттік медициналық институтының «санитарлық гигиеналық факультетін» бітіріп шыққан.

Сол жылы Отырар ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер эпидемиологы болып жұмыс бастап, 1963 жылы осы ауданға СЭС –дің бас дәрігері болып тағайындалған. Сонымен қатар Ордабасы ауданында СЭС бас дәрігері болып жұмыс атқарған.

1973 жылы Сайрам ауданына санитарлық-эпидемиологиялық станциясына бас дәрігер болып тағайындалған. Сайрам аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының ұжымымен аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау, жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы екпелер егу, халықты таза сумен қамтамасыз ету, дұрыс тамақтану және тамақтан уланудың алдын алудағы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде жүргізе отрып, ауданның эпидемиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосқан.

Басшылық ету жылдары аса қауіпті тырысқақ ауруының, іш сүзегі, сібір жарасы, дифтерия, вирусты гепатиттің «А» жұқпалы ауруларының жұқтыру көздерін жою және аурудың таралуының алдын алудағы эпидемиологиялық іс-шараларды жүргізе отырып, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға үлес қосқан басшы.

2001 жылдың желтоқсанына дейін 40 жыл көлемінде Сайрам аудандық СЭС-ті басқарып, Медицина ісінің үздігі, Еңбек Қызыл Ту орденімен бірнеше медальдармен марапатталған. Сайрам ауданының Құрметті азаматы болған. Жұбайы Нигматова Халида Никадимовна екеуі 4 перзентінен 16 немере сүйген.

2017 жылы 80 жасында дүниеден өтті.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ