Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан әкімі Еңбекшідегі газ тарту жұмыстарымен кеңінен танысты

Аудан әкімі Еңбекшідегі газ тарту жұмыстарымен кеңінен танысты

Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елдімекенінде болып, мұнда жүргізіліп жатқан газбен қамту желісінің құрылыс барысымен кеңінен танысты.

Аудан басшысы нысандағы жұмыстардың сапасы мен мерзімінде аяқталуын бақылап, мердігер мекеменің өкілдерімен кездесті. Құны 985 миллион теңге болатын ірі жобаны «Ынтымақ Бес-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.

Жоспарға сәйкес, елдімекенге тартылатын газ құбырының ұзындығы 11,587 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталған. Құрылыс алаңында абоненттік шығу тораптарын орнату және газ реттеу пункттерін орналастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Барлық жұмыстар алдағы қазан айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Аудан әкімі құрылыс қарқынына оң бағасын беріп, газ жүйесін пайдалануға беру – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Мақтаарал ауданындағы 68 елдімекеннің 54-і табиғи газ жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткіш аудан елдімекендерінің 79 пайызын қамтиды. Қалған ауылдарды кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, жыл басынан бері Тұран, Қарақыр, Өнімкер, Арайлы, Ырысты, Достық, Жеңіс, Мырзатөбе, Гүлістан елді мекендері табиғи газға қосылды. Осылай жұмыстар жалғасса 2026 жылы Мақтаарал ауданы толық 100 пайыз газбен қамтылатын болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ