Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "World clean up day" халықаралық акциясы өтті

Мақтааралда “World clean up day” халықаралық акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында өткізілетін «Таза ғаламшар» экологиялық қозғалысын қолдау мақсатында 2025 жылғы 20 қыркүйек күні Мақтаарал ауданында «World Clean Up Day» халықаралық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазарту, қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру, азаматтарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеп, салауатты өмір салтын насихаттау.

Акция аясында ауданның барлық кенттері мен ауылдық округтерінде санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойы, елді мекендердің ішкі көшелері, қоғамдық орындар, арық-атыздар мен жасыл аймақтар қоқыстан тазартылып, арам шөптер шабылды. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстарымен қатар ағаш көшеттері суғарылып, ағаштардың діңі ақталып, сырлау жұмыстары атқарылды.

Тазалық шарасына аудан тұрғындары, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, білім беру ұйымдарының ұжымдары, әскери жастар және қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысты. Бұл акция аудан халқының экологиялық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты одан әрі нығайтты.

Айта кетейік, «World Clean Up Day» — дүниежүзілік деңгейде өткізілетін ауқымды экологиялық шаралардың бірі. Әлемнің жүзден аса елінде миллиондаған адам жыл сайын осы күні айналаны қоқыстан тазартуға атсалысады. Қазақстан да бұл бастамадан шет қалмай, ел бойынша көптеген өңірлерде тазалық акцияларын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Мақтаарал ауданында өткен бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісі болды. Алдағы уақытта да аудан аумағында осындай игі бастамалар өз жалғасын табады деп күтілуде.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ