Суббота, 23 августа, 2025
34.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда денсаулық акциясына 500-ден астам адам қатысты

Мақтааралда денсаулық акциясына 500-ден астам адам қатысты

Мақтаарал ауданының тұрғындары Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесін кең көлемде атап өтті. Аудан орталығында және басқа да кенттер мен ауылдық округтерде ұйымдастырылған «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ» атты жаппай денсаулық акциясына 500-ден астам адам белсене қатысты.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және спорттың қоғамдағы рөлін арттыру болды. Акция аясында аудан тұрғындары мен жастар таңғы жаттығу жасап, түрлі спорттық эстафеталар мен жарыстарға қатысты.

Шара барысында ұйымдастырушылар дене белсенділігінің маңыздылығы, аурудың алдын алу және жастар арасында спорттық мәдениетті қалыптастыру туралы ақпараттар берді. Сондай-ақ, кәсіби жаттықтырушылар тұрғындарға дұрыс жаттығу жасау әдістерін үйретіп, кеңестерін бөлісті.

«Спорт – тек денсаулық кепілі ғана емес, қоғамның бірлігін, елдің рухын нығайтатын үлкен күш. Бүгінгі акцияға қатысып жатқан әрбір азамат спортқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. Бұл – ауданымыздың жарқын болашағына жасалған тағы бір қадам» – деді, акцияны ұйымдастырушылар.

Акция соңында белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай игі бастамалар ауданда тұрақты түрде жалғасын тауып келеді. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты қоғам қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ