Суббота, 23 августа, 2025
38 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМырзакентте жастар мен ардагерлердің тағлымды кездесуі өтті

Мырзакентте жастар мен ардагерлердің тағлымды кездесуі өтті

Бүгін Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында маңызды қоғамдық кездесу өтті.

Бұл шара Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қолға алынған ақпараттық-түсіндіру жобасы аясында ұйымдастырылды.

🔹 Кездесудің негізгі тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесіндегі — бетбұрыс».

🔹 Мақсаты: Аудандық ардагерлер ұйымдарының жұмысын бағамдау, тәжірибе алмасу, жастар тәрбиесіндегі жаңа бағыттарды айқындау.

Кездесуге Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А.Сапарбеков, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, әжелер алқасы, әкелер мектебінің төрағалары мен белсенділері қатысты.

Кездесу барысында:

• Ұрпақ тәрбиесіндегі ардагерлердің рөлі;

• Салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды ұлықтау;

• Әкелер мектебінің жұмысын күшейту жолдары;

• Жастар арасындағы патриоттық тәрбиені арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Осындай кездесулер арқылы ардақты ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері жас ұрпаққа жол көрсетіп, қоғамдағы сабақтастықты арттырады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ