Суббота, 23 августа, 2025
37.8 C
Мырзакент
ҮйСЭСҰжымдасқан ұжымдарда тағамнан уланудың алдын алу шаралары

Ұжымдасқан ұжымдарда тағамнан уланудың алдын алу шаралары

-асханада жұмыс істейтін қызметкерлердің уақытылы бактериологиялық зерттеуден өтуі;

– тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуін қадағалау;

– тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитариялық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы;

– тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау;

– консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау;

– азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау;

– сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;

– шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату; – үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;

– ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру;

– салқын тағамдар мен салаттарды тек 1,5 сағатқа ғана сақтау; тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеп жатқандығын қадағалау.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ