Среда, 16 июля, 2025
24.3 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚЖамбылға жаңа әкім сайланды

Жамбылға жаңа әкім сайланды

Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Сыдықов Бақытжан Байшықұлы сайланды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов жаңа басшыны округ әкімі аппаратының ұжымы мен ауыл белсенділеріне арнайы таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сыдықов Бақытжан Байшықұлы өзінің жаңа қызметіне кірісіп, жергілікті қоғамдастықтың дамуына, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бағытында өзінің жоспарлары бар екенін атап өтті.

«Жаңа басшы ауылдық округтің тұрғындары үшін үлкен үміт сыйлап отырғанын білеміз. Әкімнің ұстанымдары мен бастамалары жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамның дамуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Жамбыл ауылының тұрғындары сізден округтің тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған нақты қадамдар мен тиімді шешімдер күтеді» – деді, Нұрбол Жақсылықұлы.

Айта кетейік, Б.Сыдықов 1971 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Агроном» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы «Бекзат» шаруа қожалығының төрағасы болып бастаған. 2005 жылы «Нимекс корпорациясы» ЖШС-да «Есепші» болып жұмысын жалғастырды.

2011 жылдан бастап қазірге дейін Түркістан облыстық аумақтық фитосанитариялық бақылау инспекциясында бас маман болып жемісті еңбек етті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ