Бүгін “Жұмысшылар жылы” аясында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Абай ауылының еңбек даласында болып, шілденің шіліңгір ыстығына қарамай шабық шауып жүрген жұмысшылармен және мақта егіп машақатын көріп жүрген диқандармен арнайы кездестім.
Күннің аптап ыстығына, дала тіршілігінің қиыншылығына қарамастан, еңбек адамдарымен сұхбаттасып, сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірдім. Бағдарламадағы басты басымдықтар – дәл осы қарапайым еңбек адамдарының өмірін жақсартуға, жұмыс жағдайларын жеңілдетуге, табысын арттыруға бағытталған.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер мыналар болды:
- Су тапшылығы мен суғару жүйесін жетілдіру;
- Шабықшылар мен дала жұмысшыларын әлеуметтік жағынан қолдау;
- Ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеушілігі;
- Маусымдық жұмысшылар үшін арнайы көлік және тамақтану орындарының тапшылығы;
- Жастардың ауылда тұрақтап қалуы үшін нақты жағдай жасау қажеттігі.
Бұл мәселелердің барлығы менің сайлауалды жоспарымда нақты шешімдермен қамтылған. Ең бастысы — ауылдың жағдайын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға мүдделімін.
Ауылдағы ағайынға, далада тер төгіп жүрген әр еңбеккерге басымды иемін. Сіздердің ерен еңбектеріңіз – ел экономикасының, ауыл тіршілігінің тірегі. Жерге еңкейіп еңбек еткен азаматтың үні әрқашан естілуі тиіс.
✅ Егер сенім білдірсеңіздер – ауылымызды бірге дамытамыз!
✅ Еңбек адамына нақты қолдау көрсету – басты ұстанымым!
✅ Абай ауылы – берекелі тірліктің үлгісі болуға лайық!
Еңбекті ескерген ел ешқашан еңсесі түспейді.
АбайАуылы
ЖұмысшыларЖылы2025
ЕңбекАдамы
СайлауалдыБағдарлама
АуылДамуы
ШабықШауып
МақтаЕгу
БолашақБірге

Ізгі ниетпен,
СЫДЫҚОВ Бақытжан Байшықұлы
Жамбыл ауылдық округінің әкіміне кандидат