Пятница, 11 июля, 2025
30.9 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚБ.СЫДЫКОВ: Бұл кездесу - үміткерлер мен халық арасындағы сенімді нығайтуға жасалған нақты...

Б.СЫДЫКОВ: Бұл кездесу – үміткерлер мен халық арасындағы сенімді нығайтуға жасалған нақты қадам

Бүгін Жамбыл ауылдық округінде маңызды әрі ашық форматтағы кездесу өтті. Округ әкімдігіне үміткер азаматтар мен учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы округке қарасты ауылдардың тұрғындарымен жүздесті.

Кездесудің басты мақсаты – халықты алдағы 13 шілде күні өтетін сайлау процесімен толық таныстыру, үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын түсіндіру және тұрғындардың сұрақтарына ашық әрі нақты жауап беру болды.

Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бейтараптық пен әділдік қағидаттары толық сақталды. Әрбір үміткерге өз бағдарламасын таныстыру үшін тең мүмкіндік берілді. Халықтың үміткерлерге қойған сұрақтары сан алуан болды: ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайынан бастап, жастар саясаты, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және мәдениет пен спорт бағыттарына дейінгі мәселелер қозғалды.

Сайлау комиссиясының төрағасы тұрғындарға сайлау тәртібі, дауыс беру процедурасы, заң талаптары мен үгіт-насихат кезеңінің ережелері туралы кеңінен ақпарат берді. Ауыл азаматтарының сайлауға деген жауапкершілігі мен қызығушылығы ерекше сезілді. Көпшілігі алдағы саяси науқанға қатысуға, өз таңдауын жасауға дайын екенін жеткізді.

Бұл кездесу — сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне, үміткерлер мен халық арасындағы сенімді нығайтуға жасалған нақты қадам болды. Ауыл тұрғындары үшін әкім сайлауына үміткерлердің көзқарасын бетпе-бет тыңдап, салыстыра отырып таңдау жасау – нағыз демократиялық үдерістің көрінісі.

13 шілде – бұл округіміздің болашағын айқындайтын маңызды күн. Әр дауысыңыз – ауылымыздың ертеңіне қосқан үлесіңіз.

Өз таңдауыңызды жасаңыз, дауыс беруге белсенді қатысыңыз!
Таза ниет, ашық сайлау, әділ таңдау – ортақ мақсатымыз!


Ізгі ниетпен,

СЫДЫҚОВ Бақытжан Байшықұлы

Жамбыл ауылдық округінің әкіміне кандидат

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ