Бүгін сайлауалды бағдарламамды таныстыру және үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Көкпарсай елді мекенінің тұрғындарымен кездестім.
Бұл жүздесу мен үшін өте маңызды болды. Себебі әрбір ауыл тұрғынының пікірі, ұсынысы, уайымы — менің болашақта атқаратын жұмысымның негізі болмақ. Көкпарсай халқының белсенділігі, ауылдың өзекті мәселелеріне бейжай қарамайтыны қатты қуантты.
Кездесу барысында елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы саласы мен ағын су мәселесі, мал ұрлығы мен қауіпсіздік мәселелері, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.
Өз тарапымнан келесі бағыттардағы бағдарламалық жоспарларымды таныстырдым:
- Ауыл инфрақұрылымын жақсарту – жол, жарық, су жүйелерін кезең-кезеңімен жаңарту;
- Жергілікті шаруашылықтар мен кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсету;
- Жастар мен балаларға арналған спорт және мәдени нысандар салу;
- Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде учаскелік полиция жұмысына қолдау;
- Мемлекеттік бағдарламаларды ауыл тұрғындарына тиімді жеткізу.
Тұрғындардың тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлерді толық назарға алдым. Әрбір сұрақ мен үшін маңызды. Бұл кездесулер бағдарламамды халықтың нақты сұраныстарына сәйкестендіріп, шынайы қажеттіліктерге бағыттауға көмектеседі.
Алда тағы да осындай кездесулер күтіп тұр. Өздеріңізбен ашық әрі шынайы диалог құру – мен үшін үлкен абырой. Көкпарсай халқына жылы қабылдауы мен сенімі үшін шын жүректен алғыс айтамын!
13 шілде күні өтетін сайлауда қолдау білдіріп, болашаққа бірге қадам басайық!
Жаңарған Жамбыл округі – сіз бен біз үшін!

Ізгі ниетпен,
СЫДЫҚОВ Бақытжан Байшықұлы
Жамбыл ауылдық округінің әкіміне кандидат