Пятница, 11 июля, 2025
30.9 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚД.АСАУОВ: ІСІМІЗ – НАҚТЫ, УӘДЕМІЗ – БЕРІК ЕКЕНІН БІЛГЕЙСІЗДЕР!

Д.АСАУОВ: ІСІМІЗ – НАҚТЫ, УӘДЕМІЗ – БЕРІК ЕКЕНІН БІЛГЕЙСІЗДЕР!

Өткен 4 жыл ішінде сіздердің сенімдеріңізбен округ әкімі ретінде қызмет атқарып, ел игілігі үшін аянбай еңбек еттім. Осы уақыт аралығында округіміздің барлық елді мекендерінде нақты нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарылды.

Газбен қамту, жол салу, мәдениет үйлерінің құрылысы сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалардан бөлек, әр ауылдың өзекті мәселелеріне де жіті көңіл бөлінді. Халықтың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін осындай істерді атап өткім келеді:

✅ Гүлістан елді мекеніндегі «Тұрсын-Заде» мектебі – күрделі жөндеуден өтті. Бұл – балалардың жайлы әрі заманауи жағдайда білім алуына жасалған маңызды қадам.

✅ Бескетік елді мекенінде ауыл жастары мен оқушылар үшін жаңа спорт алаңшасы салынды. Бұл спортқа бет бұрған жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік.

✅ Жетісай қаласынан округке кіре берістегі 1 шақырым жол бойы жарықтандырылды. Бұл – түнгі уақытта қауіпсіз қозғалыс пен көрікті көрініс береді.

✅ Одан бөлек, демеушілердің қолдауымен ауыл ішіндегі көшелерге жарық шамдары орнатылып, бірнеше елді мекен түнде де жарық әрі қауіпсіз болды.

✅ Қалшораев елді мекенінде көп жылдан бері шешімін таппай келген мобильді байланыс мәселесі шешімін тапты. Бұл – тұрғындардың ақпаратқа қолжетімділігін, байланыста болуын қамтамасыз етті.

✅ Гүлістан ауылындағы Темір ата көшесіне алғаш рет ауыз су жүйесі тартылды. Бұған дейін бұл көшеде ауыз су мүлде болмаған еді. Бұл – тұрғындар үшін өте маңызды әлеуметтік мәселенің шешімі.

✅ Достық ауылының өзінде үлкен спорт кешенін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды. Қаржы бөлінсе – ауыл жастары мен тұрғындары үшін үлкен спорттық кешен бой көтеретін болады.

Бұл атқарылған істер – бір адамның емес, сіздермен бірге ақылдасып, бірігіп, қолдауларыңызбен іске асқан ортақ жетістіктер. Әрбір шешім – елдің мұқтажына, қажеттілігіне негізделіп жасалды.

Осы атқарылған жұмыстар – бастаған істеріміздің басы ғана еді. Алда бұдан да үлкен жоспарлар бар. 13-шілде күні өтетін әкім сайлауында маған тағы да сенім білдірсеңіздер, ауылдарымыздың инфрақұрылымын толық жаңғырту, спортты инфрақұрылымды дамыту, ауыл жастары мен балаларына жағдай жасау, ауыз су, жарық, интернет сияқты негізгі қажеттіліктерді шешу бағытындағы жұмыстарымды жалғастыратын едім.

ІСІМІЗ – НАҚТЫ, УӘДЕМІЗ – БЕРІК ЕКЕНІН БІЛГЕЙСІЗДЕР!
ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗБЕН ОКРУГІМІЗДІ ОДАН ӘРІ ГҮЛДЕНДІРЕМІЗ!

Ізгі ниетпен,

АСАУОВ Данияр Жолдасұлы

Достық ауылдық округі әкіміне кандидат

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ