Вторник, 1 июля, 2025
27 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда биыл 2 мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Мақтааралда биыл 2 мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Мақтаарал ауданында елді мекендердің мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары аудан аумағында жаңа мәдениет үйлері мен кітапханалар бой көтеріп, тұрғындардың рухани-мәдени сұранысын қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінуде.

Биылдың өзінде ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 мәдениет үйі мен кітапхана нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Күні кеше Түркістан облысының БАҚ өкілдері аталған жұмыстармен танысу үшін Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ынталы елді мекенінде болды.

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ынталы елді мекенінде орналасқан мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы 2025 жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі – 794,0 млн теңге. Нысанда мәдениет залы мен кітапханасынан бөлек, спорт залы да бар. Сондай-ақ, Достық ауылдық округіндегі Ж.Қалшораев елді мекенінде салынып жатқан мәдениет үйі мен кітапхана да 2025 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны – 743,6 млн теңге. Бұдан бөлек, А.Қалыбеков ауылдық округі Үлгілі елді мекенінің мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Аталған жобалар өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен қатар, тұрғындардың мәдени өмірін жандандыруға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан бұл ғимараттарда кітапханалар, көрме залдары, үйірмелер мен мәдени іс-шараларға арналған алаңдар болады.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елді мекенінде және Жамбыл ауылдық округі Абай елді мекенінде мәдениет үйі мен кітапхана нысандары пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ, Бірлік ауылдық округі Алғабас елді мекенінің мәдениет үйі күрделу жөндеуден өткен еді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ