Среда, 2 июля, 2025
27 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда пробация қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған консультативтік жиын өтті

Мақтааралда пробация қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған консультативтік жиын өтті

Мақтаарал ауданында қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.

Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов төрағалық етті. Басқосуға аудан прокуратурасының прокуроры М.Тайжанов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Елшібаев, басқа да дербес бөлімдердің басшылары, «Мансап орталығы» филиалының директоры О.Жетібаев, «Мырзакент» және «Атакент» аудандық ауруханалары бас дәрігерлерінің орынбасарлары, пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет лейтенанты Ш.Абенов, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиын барысында аудандық пробация қызметінің 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған іс-шаралары туралы есеп тыңдалып, пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау тетіктері кеңінен талқыланды. Әсіресе, жұмыссыз жүрген бұрынғы сотталған азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар аясында арнайы жұмыс орындарын ашу, қысқа мерзімді курстар арқылы кәсіпке баулу ұсынылды. «Мансап орталығы» директоры О.Жетібаев нақты ұсыныстарын ортаға салып, өңірдегі жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату қажет екенін жеткізді.

Жиын қорытындысында пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету мақсатында демеушілер мен меценаттарды тарту жұмыстары күшейтілетіні айтылды. Аудандық ауруханалар өкілдері есептегі азаматтарға медициналық тексерулер мен психологиялық көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Сондай-ақ, қайта қылмыстың алдын алу шараларын тиімді іске асыру үшін пробация есебіндегі тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылауға арналған электронды бақылау құралдарын аудандық бюджет есебінен алу бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ