Пятница, 9 мая, 2025
24 C
Мырзакент
ҮйСЭСЖіті ішек ауруларының алдын алу

Жіті ішек ауруларының алдын алу

Жіті ішек инфекциясы – әртүрлі микроорганизмдер (бактерия, вирустар) тудыратын, асқазан-ішек жолдарының бұзылуымен және организмнің сусыздануына алып келетін жұқпалы аурулар тобы. Негізгі ауру көзі болып ауру адам мен бактерия тасымалдаушылар. Тасымалдаушыларда ауру жасырын түрде өтеді, оны тасымалдаушының өзі де білмеуі мүмкін. Адам организміне бактериялар ауыз арқылы тағаммен, сумен немесе кір қолмен жұғады.

Сонымен қатар, 2 жасқа дейінгі балалар арасында аурулардың алдын алуға ерекше назар аударған жөн, бұл ретте балаларды, әсіресе өмірінің алғашқы кезеңінде күту және тамақтандыру бойынша аналар дәрігерлердің ұсынымдарын мүлтіксіз орындау қажет. Егер баланың үлкен дәреті жиілеп, іші ауырған жағдайда аймақтық дәрігермен хабарласып, емханада медициналық қызмет алуға, аурудың алдын алуға болады.

Ішек инфекциясының белгілері: асқазан-ішек жолдарының зақымдануы (іштің ауыруы, іш өту, жүрек айну, құсу), ағзаның улануы (дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) шаршау және әлсіздік, су тапшылығы (дегидратация) — бұл әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін қауіпті.

Аурудың алғашқы белгілерінде дер кезінде медициналық көмекке жүгініңіз.

Жіті ішек инфекциялардың алдын алу іс-шаралары:

– жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды су астында таза жуғаннан кейін пайдаланған абзал;

– өнімдердің жақсылап қуырылып, қайнатылуына көңіл бөлу керек;

– жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаған жөн;

– арнайы көрсетілген жерлерде шомылу керек;

– суды тұтынар алдында міндетті түрде қайнату немесе бөтелкедегі суды ішу керек;

– балаларды әрбір тамақтандырар және тамағын дайындар алдында қолды таза сабындап жуу керек, оның ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстау қажет;

– ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке бас тазалығын қатаң сақтаған жөн;

– белгіленбеген сауда орындарында немесе тексерілмеген онлайн-сатушылар арқылы тамақ өнімдерін сатып алмау, дүкендерден сатып алу және олардың сақтау мерзімін сақтау керек;

Жіті ішек инфекциясы — өте кең таралған және әртүрлі себептермен туындайтын ауру. Оның белгілері мен ауырлығы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ дұрыс емдеу мен алдын алу шаралары арқылы бұл инфекциядан қорғануға болады. Әрқашан дәрігерлердің кеңесін алу және инфекциялардың алдын алу үшін санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау маңызды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ