8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мақтаарал ауданында түрлі әлеуметтік санатқа жататын 87 отбасы баспаналы болды.
Аудан әкімі Бақыт Асанов «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында сатып алынған жаңа үйлердің кілттерін тұрғындарға ресми түрде табыстады.
«Бүгін ауданымызда үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал отбасылардың қуанышына ортақтасып отырмыз. Біз алдағы уақытта Мырзакент және Атакент кенттерінен көпқабатты тұрғын үйлерді салуды жалғастырамыз. Осылайша, үй кезегінде тұрған мақтааралдықтардың мәселесін жыл сайын шешіп отыратын боламыз. Ендеше, жаңа баспаналарыңызда тек қана қуаныш, жақсылық, тойлар болсын!» — деді Бақыт Насырханұлы.
Аталған жаңа үйлерлің 57-і Мырзакентте, 24-і Атакентте және 6-ауы Иіржар ауылдық округі Наурыз ауылында бой көтерген. Аумақтары 60-65 шаршы метрді құрайды. Көппәтерлі әрбір тұрғын үйдің ауласында балалар ойын алаңшалары орналасқан.
Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде 2 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұрады.






