Пятница, 14 марта, 2025
15.6 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМенингококкты инфекция

Менингококкты инфекция

Менингококкты инфекция –ауа- тамшылы жолмен тарайтын, назофарингит және генерализденген (жайылған) түрлерінде өтетін, клиникасы қызбамен, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Инфекция көзі- ауру адам, бактерия тасымалдаушы. Көп жағдайда бактерия тасымалдаушы жоғары эпидмиологиялық маңызға ие.

Менингококк инфекциясының жиілігі маусымдылықпен сипатталады-ең жоғары жиілік қыста және ерте көктемде болады. Ауру кез-келген жастағы адамдарды зақымдайды, көбіне балалар ауырады. Менингококкты инфекция имунитеті төмен адамдардың ағзасында тез дамиды.

Инкубациялық (жасырын) кезеңі 2-10 күн уақыт аралығын қамтиды.

Менингококк инфекциясына тән үштік- бұл бас ауру, құсу және дене температурасының көтерілуі.

Ауру симптомсыз бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингиті түрінде, әлсіз көрінетін интоксикация және ринофарингит белгілерімен өтуі де мүмкін, клиникалық белгілері бойынша ЖРВИ-ға ұқсайды.

Менингококк инфекциясының генерализацияланған түрі мен назофарингиттің өршуі кезінде науқастар стационарлық емдеуге жатқызылуы тиіс.

Менингиттің алдын алу үшін ұсынылады:

1) Витаминдер мен микроэлементтермен байытылған толық және теңдестірілген тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру;

2) Бөлмеге ылғалды жинау жұмыстарын жүргізіп, жиі желдету;

3) Жеке бас гигиенасын сақтау, дәретханаға барғаннан және тамақ ішердің алдында қолды мұхият сабындап жуу;

4) Халық көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу. Көпшілік орталарға түскен кезде бір реттік бетперделерді қолдану;

5) Инфекцияға тән симптомдар біліне бастағаннан дәрігерлік көмекке қаралу;

Есіңізде болсын! Қандай ауру болмасын, дер кезінде медициналық көмекке жүгінген кезде, Сіз өз өміріңізді және отбасыңызды аман алып қаласыз!

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ