Среда, 12 марта, 2025
18 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралдық кәсіпкерлер биыл 222 азаматты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болады

Мақтааралдық кәсіпкерлер биыл 222 азаматты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болады

Бүгін Мақтаарал ауданында жеке инвестициялық жоба негізінде ашылатын жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған 4 жақты серіктестік Меморандумына қол қойылды.

Шара барысында аудан әкімі Бақыт Асанов инвестициялық жобалардың және оның аудан экономикасы мен халықты жұмыспен қамтуға тигізетін маңыздылығын атап өтті.

«Ауданымызда халық тығыз орналасқандықтан, тұрғындарымыздың жұмыспен қамту мәселесі өте өзекті. Сондықтан, әртүрлі инвестициялық жобалардың жүзеге асуына жағдай жасап, жаңа кәсіпорындардың ашылуына көмек көрсетуде әкімдік белсенділік таныта береді. Есесіне жаңадан ашылған кәсіпорындарда, өндіріc ошақтарында тұрақты жұмыс орындары құрылып, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады. Міне, бүгін 4 жақты серіктестік Меморандумының да мақсаты осы» — деді, аудан басшысы.

Аталған меморандумға қол қою іс-шарасына аудан әкімінің орынбасары Н.Саттаров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Елшібаев, аудандық мансап орталығының директоры О.Жетыбаев пен аудандағы 16 кәсіпорынның басшылары қатысты. Келісім аясында биыл 222 азаматты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету көзделуде.

«Бұл жаңалық аудан экономикасы мен халықты жұмыспен қамту үшін маңызды қадам екені сөзсіз. Жеке инвестициялық жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз азаматтарға тұрақты жұмыс орнын табу мүмкіндігі туып отыр. Бұл меморандумға қол қою — аудан әкімі мен жергілікті кәсіпкерлердің күш біріктіріп, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған ауқымды қадамы» — деді, аудандық мансап орталығының директоры О.Жетыбаев.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ