Суббота, 15 марта, 2025
15.9 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтаарал ауданында облыстық шахмат турнирі өтті

Мақтаарал ауданында облыстық шахмат турнирі өтті

Мақтаарал ауданында шахмат спортының дамуына үлес қосу мақсатында «Шахмат керуені» аясында облыстық шахмат турнирі өтті.

Бұл айтулы жарыс облыстық шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып, өңіріміздегі талантты шахматшылардың басын қосты.

Турнирге облыстың 9 ауданынан 100-ге жуық шахматшы қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір қатысушы өз шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

«Бұл шара — біздің облысымызда, ауданымызда спорттың осы маңызды түрін дамытуға арналған зор қадам. Шахмат тек интеллектуалдық ойын ғана емес, ол ізденісті, сабырлылықты және стратегияны талап ететін спорт. Әр адамның ой-өрісін кеңейтіп, стратегиялық ойлау қабілетін арттырады. Облысымыздың көптеген талантты шахматшылары біздің алаңда жиналып, шеберліктерін көрсетуі — ауданымыз үшін үлкен мақтаныш» — деді, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Тәтеев.

Жарыс қорытындысы бойынша ауданымыздың ардаргер шахматшысы Толқын Рабиев ерлер арасында, Ұлжалғас Жантекова әйелдер арасында турнир жеңімпаздары атанды.

Бұл турнир – тек жарыс қана емес, сондай-ақ шахматқа деген қызығушылықты арттырып, зияткерлік даму мен спорттық бәсекеге баулитын маңызды шара. Турнир облыс шахматшылары арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, шеберліктерін арттырып, шахмат спортының дамуына серпін бергені сөзсіз.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ