Бейсенбі, Қараша 21, 2024
12 C
Мырзакент
ҮйБілімБАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “Жас алаш” жалпы білім беретін мектептің базасында «Бастауыш сынып оқушыларына сабақ өту барысындағы әдіс-тәсілдердің маңызы» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты:Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін сабақтың дәстүрлі емес түрлері, сыныптан тыс жұмыстардағы ұжымдық шығармашылық іс – әрекеттерді кеңінен талқылау, өзара тәжірибе алмасу.

Оқудың жағымды мотивтері, оқушылардың қызығушылығы, шығармашылық белсенділік, ұжымдағы оң микроклимат, күшті эмоциялар, сабақта оқушыларды іздемпаздыққа бағыттау, қызығушылықтарын ояту, ойландыру мақсатында проблемалық сұрақтарды ой елегінен өткізу, талқылау.

Семинар барысында Қ.Қайсенов атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гаухар Кенжебаева, И.Панфилов атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Қарлығаш Калдыбекова,”Үлгілі” жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Алия Қалжанова,”Жас алаш” жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Гулмира Усербаевалар тұлғаның белсенділігі, шығармашылық тапсырманың қарама-қайшылығын шешуге бағытталған шәкірттер мен педагогтер арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың ерекше түрлерін көрсетті. Оқушылардың шығармашылығы үшін әрі объективті әлеуметтік, материалдық, әрі субъективті-тұлғалық білім, дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Семинар соңында бастауыш сыныптар бойынша әдіскер Тилла Кайырбекқызы мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіруге, оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға, өз тәжірибелерін талдау және жетілдіруге, цифрлық құзіреттілікті дамытуға кәсіби өрлеуге бағытталған әрбір жасап жатқан жұмыстары нәтижелі болуын тіледі.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ