2024 жылдың 15 қараша күні «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы аудандық білім бөліміне қарасты №5 “Мақтаарал” мектеп-гимназиясының базасында қосымша білім беру педагогтеріне кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: Жалпы орта білімді жүзеге асыратын, қосымша білім беру педагогтерінің, үйірме жетекшілердің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, қосымша білім беру процесінде баланың ынтасы мен шабытына жете көңіл бөлу, үйірме жұмысының жандануы мен өркендеуінің маңыздылығын анықтау мақсатында авторлық жұмыстарды насихаттау.
Байқау II кезеңмен өткізілді.
I-кезең. Қосымша білім беру педагогтері өздерінің портфолиосын тапсыруы тиіс: байқауға қатысушы педагог туралы жалпы мәлімет, оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің жоғары нәтижелілігі білім мониторингі, оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау. Білім беру барысында, шығармашылық сапасын тәуелсіз бағалау, оқушылар мен тәрбиеленушілердік пәндік жарыстарда, жобалар конкурстарындағы, практикалық жетістіктері мен баспа беттеріне шыққан мақалалары бойынша бағалау.
II-кезең. «Үздік авторлық жұмыс» (Негізгі бөлім)
Байқауға қатысушы өзін таныстыруы, мамандығының артықшылықтарын, педагогикалық ойын, өмірлік ұстанымдарын және мамандығына, кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығын ашады.
– Қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында, авторлық жұмыстарын заманауи тәсілдерді қолдана отырып шеберлік сынып сағат көрсету (бейне сабақпен шектей отырып, тәжірибелік жұмыс) көрсете алды.
– Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде жеңімпазы атанған М.Өтемісұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру педагогы Бухарова Жадыра Балабекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, облыстық кезеңге жолдама алды.