Жұма, Қазан 18, 2024
13.7 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметЖастар мен жасөспірімдер арасында психо-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Жастар мен жасөспірімдер арасында психо-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

«Уақытты басқару»- атты тренинг.

Жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез құлықтың, өз-өзіне қол жұмсау алдын алу бойынша акпараттық-тусіндіру жумысын жургізу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Мақтаарал аграрлық колледж студеттерімен «Уақытты басқару» атты тренинг өткізілді.

Нақты бір іс-әрекет түріне кететін уақытты саналы түрде бақылау үшін қажетті дағдылар, білімдер мен қатынастар, бұл ретте тиімділік пен өнімділік арнайы артады.

Мақсаты:

– өзінің және осы шешімге тәуелді басқа қатысушыларға белгілі бір шешімді таңдау жауапкершілігін ұғыну;

– жеке шешім қабылдаудың немесе шешім қабылдау процесіне қатысудың маңыздылығын ұғыну;

– белгілі бір шешімдердің басымдық деңгейін ұғыну.

Студентер тренингте белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында жастарға арналған көптеген кездесулер өтуде. Мәселен, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы Иіржар ауылдық округі Н.Бекежанов ЖББМ 9-10-11 сынып оқушыларына «Ислам діннің мақсаты – тыныштық пен бейбітшілік» атты кездесу өткізілді.

Жиынға Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен теолег және инспекторлар оқушыларға қазіргі кездегі салт -дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай- ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары жайлы және әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты түсіндірді.

Жиынның мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен еріктілері арасында “Мафия” ойыны “Жастар ресурстық орталығының” ғимаратында болып өтті.

Қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту,сергіту сәті,жақсы көңіл-күй сыйлау.

«Мафияда» қандай кейіпкерлер бар?

Бастапқыда біз «мафияның» барлық кейіпкерлерінің тізімін және олардың мүмкіндіктерін береміз:

Азаматтық- ойыншылардың көпшілігі алатын рөл. Шын мәнінде, бұл санатта дауыс беруді қоспағанда, ешқандай құқықтар жоқ. Түнде бейбіт тұрғындар тыныш ұйықтайды, ал күндіз олар оянып, тұрғындардың қайсысы мафия класына жататынын білуге тырысады.

Комиссар немесе полицей, – зұлымдықпен күресетін және мафияны әшкерелеуге тырысатын азаматтық адам. Күндіз ол басқа ойыншылармен тең дауыс беруге қатысады, ал түнде ол оянып, тұрғындардың біреуінің мәртебесін біледі.

Мафиоз – түнде бейбіт тұрғындарды өлтіретін топ мүшелері. Бұл рөлді ойнайтын жігіттердің міндеті – комиссарды және басқа да бейбіт тұрғындарды тезірек жою, бірақ сонымен бірге өздеріне сатқындық жасамау.

Доктор – бейбіт тұрғындарды құтқаруға құқығы бар адам. Күндізгі уақытта ол мафия ойыншылардың қайсысын өлтіргісі келетінін болжап, түнде таңдалған тұрғынға көмектесуі керек. Сонымен қатар, дәрігер екі түн қатарынан бір адамды емдей алмайды және бүкіл ойында бір рет өзін өлімнен құтқара алады.

Иесі – таңдалған ойыншымен түнейтін және сол арқылы оған алиби беретін тұрғын. 2 түн қатарынан иесі сол тұрғынға бара алмайды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ