Жұма, Қазан 18, 2024
18.5 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМАҚТААРАЛДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

МАҚТААРАЛДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», деген есті сөзі әлі де ел жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Бүгін Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Бұл тұрғыдан келгенде біздің көсіле сөйлеуімізге болады. Арғы ата бабаларымыздан қалған асыл мұралар, Қазақ хандығының іргесі қаланғаннан бергі жиналған жауһар дүниелер әлем алдында абыройымызды биіктетіп келеді. Соларды насихаттап, көкке көте­ріп жүр­ген мәдениет саласы қызметкер­лері­нің еңбегі орасан. Әрине, өнерді құр­меттеп, мәдениетті өркендету – бар­шамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театр­лар мен концерттік ұйымдардың, ха­лық шығармашылығы және мәдениет үй­лерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханият­ты дамытуға, игілікті, адам­гершілікті, қайы­рым­дылық пен өзара түсіністікті өріс­тетуге жол ашып, үз­дік мәдени дәстүр­лер­ді сақтауға һәм молай­туға ерекше мән беріп келеді» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Конкурстық құны 307 миллион теңге болатын «Алғабас» мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталды. «КазЖоба Консалтинг» ЖШС-і нысанды жобаласа, Мердігер «Allians & Arena» ЖШС-і нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған жаңа ғимарат екі қабаттан тұрады. 250 орындық концерт залы және үйірмелерге арналған бірнеше шағын залдар бар. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасқан. Кітапқұмар балалар бос уақытын осында өткізеді.

Айта кетейік, ауданда 9 мәдениет үйі бар. Қазіргі таңда Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекенінде және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы елді мекенінде мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.

Халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қо­сып келе жатқан азаматтардың еңбегі бағаланатын елеулі күн ел өмірінің ең айшықты сәтіндей ыстық. Себебі қаламға серт еткен ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатқан кітапханашының, маз­мұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр, кино жəне опера əртісінің, өңірлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегі ұмытылмақ емес.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ