Жұма, Қазан 18, 2024
20.9 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда мемлекеттік қызметшілер референдумға белсене қатысуда

Мақтааралда мемлекеттік қызметшілер референдумға белсене қатысуда

Бүгінгі саяси науқанға Мақтаарал ауданының мемлекеттік қызметшілері де белсене қатысуда.

Аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық дербес бөлімдердің басшылары алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков бұл саяси науқан еліміз үшін маңызды екенін атап өтіп, тұрғындар референдумға белсене қатысу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматы конституциялық құқығын пайдаланып, белсенділік таныту керектігін айтты.

«АЭС салу бойынша бүкілхалықтың Референдум – ел тарихының жаңа парақшасын ашып, мемлекетіміздің жаңа болашаққа қадам тастауға таңдау береді. Біз әрбіріміз өзіміздің конституциялық құқығымызды, азаматтық міндетімізді іске салу арқылы ғана әділетті, дамыған мемлекет құра аламыз. Сондықтан, бұл саяси науқанға аудан тұрғындарын белсене қатысуға шақырамын!» – деді, Бейсенбай Тасболатұлы.

Айта кетейік, ҚР Конституциясының 33-бабында Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік берілген.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ