Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде жаппай референдум өтуде.
Республикалық референдумға 18 жасқа толған еліміздің барлық азаматтары қатыса алады. Тұрғындар өз бюлетенінде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа «иә» немесе «жоқ» деген тұсты белгілеп үн қосады.
Бүгін, аудан аумағындағы 62 референдум учаскелері өз жұмысын таңғы сағат 07:020-ден бастап, халық өз таңдауын жасау үшін учаскелерге арнайы келуде.
Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер ететіндіктен, халық өз таңдауын жасауға асығуда.
Сайлау учаскелеріне ең алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Айта кетейік, жалпыұлттық референдум нәтижесі негізінде халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешетін болады.