Сенбі, Қараша 23, 2024
14.7 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАуданның прокуроры алғашқы болып дауыс берді

Ауданның прокуроры алғашқы болып дауыс берді

Бүгін елімізде тарихи күн. Отандастарымыз АЭС салу мәселесі бойынша жаппай Референдумге қатысып, өз таңдауларын жасайтын болады.

Сағат 07:00-де Мақтаарал ауданындағы барлық Референдум учаскелерінде еліміздің әнұраны шырқалып, сайлаушылар үшін есіктері айқара ашылды. Мырзакент кентінде орналасқан №381 Референдум учаскесінде аудан прокуроры Айтболат Досаев пен аудан прокуратурасының ұжымы алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, сый-сияпаттарға ие болды.

«Атом энергиясын пайдаланудың арқасын­да экономикамызды гүлдендіріп, инновациялық жобаларды көбейте аламыз. Еліміздің электр энергиясына деген сұранысы реттеліп, халықаралық аренадағы позициясы нығаяды. Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энер­гиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Сондай-ақ, уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де бұл саланың артықшылығын көбейте түседі. Осы саланың мамандары АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін айтуда. Сондықтан, мен АЭС салуды қолдаймын!» – деді, бас прокурор.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 62 Референдум учаскелері жұмыс істеуде.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ