Қазақстан Республикасы Үкіметі 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген.
Жоспардың 20- тармағын орындау мақсатында, Мақтаарал ауданы тұрғындарына Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында 18.09.2024 жылы сағат 9:00-19:00 аралығында «Мемлекеттік органдарда «Ашық есік күні» акциясын өткізу» жоспарлануда.
Осыған орай, аталған акцияға қатысып, өздеріңіздің мәселелеріңізбен жүгініп, тиісті ақпараттармен пайдалы кеңестер алуларыңызға болады.