Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-2.5 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыМақтаны машиналық әдіспен теруді 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр

Мақтаны машиналық әдіспен теруді 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында мақта терім науқанын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өтті.

Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен мамандары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және мақта өңдеу зауыттарының басшылары қатысты.

Биыл ауданда 60,6 мың гектар егістік жерге түрлі дақылдар егілген болса, оның 33,6 мың гектарына мақта шиті себілді. Қазігі таңда диқандарымыз мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, дефоляция жұмыстарын жүргізіп, мақта жинау науқанын бастағалы тұр.

«Аудан бойынша қазіргі таңда 350 гектар мақталық алқапқа дефоляция жұмыстары жүргізілген. Шаруаларға түсіндіру жмұыстарын жүргізіп, бұл жұмыстарды тездету керек. Мақта жинау техникалары, мақта зауыттары мен мақта қабылдау бекеттері науқанға толық дайын тұр. Күзгі жиын-терім науқанын сәтті өткізу – бәріміздің ортақ міндетіміз!» – деді, аудан басшысы.

Жиын барысында мақта қабылдау бекеттеріндегі таразы, лаборатория мәселелері, шаруалармен келісім-шарттарды рәсімдеу және мақта теріміне қатысатын комбайндардың мәселесі, жалпы жиын-терімге қатысты барлық мәселелер талқыланды.

Бүгінде мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Жалпы аудан бойынша мақта теріміне 700-ден астам доңғалақты трактор, 900-ге жуық тіркеме және 200-ден астам мақта терім машинасы қатысады деп күтілуде. Осының арқасында мақтаны машиналық әдіспен теруді 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ауданда мақта өңдейтін 7 зауыт және 55-ке жуық мақта қабылдау бекеттері шаруаларға қызмет көрсету үшін жиын-терім науқанына толық дайын. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар жағармай шаруаларға таратылуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ