Жұма, Қараша 22, 2024
8.7 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтаарал ауданы қайта құрылған 6 жыл ішінде 20-дан астам мектеп салынған

Мақтаарал ауданы қайта құрылған 6 жыл ішінде 20-дан астам мектеп салынған

Құрметті ұстаздар, білім саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді алдағы келе жатқан білім күнімен және Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің, жарқын болашағымыздың негізгі қайнар көзі. Бәсекеге қабылетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз керек. Бүгінгі «Тамыз» кеңесінің де мақсаты сол – жоғары интелигентті ұлт тәрбиелеу үшін ұстаздарымыздың өзара кеңесуі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білім мен ғылымды елдің аса маңызды басымдықтары ретінде көрсетеді.

Президентіміздің бастамасымен «Жайлы мектеп» жобасы, Білім беру гранттары, «Ұлттық қор» бағдарламасы ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.

Ауданымызда да білім саласына көп көңіл бөлінуде. Жаңадан мектептер салынуда, мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, білім ошақтары барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылуда, жаңа технологияларды енгізу үшін арнайы кабинеттер ашылуда. Мәселен, ауданымыз қайта құрылғалы 6 жыл ішінде 20-дан астам жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 санды қаулысына сәйкес, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан аумағына 5 жайлы мектеп құрылысы жоспарланған. (Тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ болып табылады).

Атап айтқанда:

1.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекенінен 300 орындық;

2. А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі елді мекенінен 600 орындық;

3. Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық;

4.Атакент кентінен 1500 және 900 орындық жайлы мектептердің құрылысы жүргізіледі.

Қазіргі таңда 2023-2024 жылдары Атакент кентіндегі 1500 орындық және Үлгілі елді мекенінен 600 орындық жайлы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Ал, 2024-2025 жылдары Атакент кентінен 900 орындық және Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.

Жайлы мектептердің басты ерекшелігі, олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де қолайлы жағдай қарастырылады. Зәулім мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендіру талғамға сай болады.

Сондай-ақ, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар – бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер – парталар қойылады. Тынығу алаңдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де жағдай жасалады. Дабыл түймесі, бейнебақылау жүйесі орнатылмақ.

Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында биыл күрделі жөндеуді қажет ететін 19 білім нысаны бойынша (17 мектеп, 1 жазғы лагерь, 1 УПК) облыстық бюджеттен 126 млн. 772 мың теңге қаржыға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынды.

Оның ішінде, 2024-2025 жылдарға «А.Пушкин», «Қ.Сәтпаев», «М.Тұрсын-Заде атындағы №56 жалпы білім беретін мектептеріне» 2 696 266 612 теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Шұғыла», «С.Рахымов», «Ғ.Мүсірепов», «Х.Доспанова» 4-мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 228,03 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. (облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 22.08.2024 жылғы қорытынды хаттамасы негізінде жеңімпаз анықталады).

Қазіргі таңда 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 3 мектептің құрылысы басталады.

Білім ордасы – мектеп жас ұрпақты тәрбиелейтін киелі де қасиетті мекен. Ал, сол мектептің негізгі тірегі – білімді де, білікті ұстаз.

Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген дана Абай.

Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін!

Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі м.у.а.

Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ