Мақтаарал ауданында 30 тамыз – Констиуция күні салтанатты түрде аталып өтті. 1995 жылдың 30 тамызы ҚР-ның Конституциясы қабылданып, ел тарихында алтын әріппен жазылған күн 29-шы рет атап өтілуде.
Мерекелік кеште ата заңымыз Конституция кітабы төрге шығарылып, әнұранымыз шырқалды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков құттықтау сөзге шығып, аудан тұрғындарына ыстық лебізін жеткізді.
«Конституция қабылдау арқылы мемлекетіміз өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырғанын, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалған. Біздің барлық жетістіктеріміз халқымызды ұйыстырған Конституциямыздың арқасы деп білемін. Сондықтан, Ата Заңымыздың 29 жылдық мерекесі аясында Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бітпес бақ-дәулет тілеймін!» – деді, Бейсенбай Тасболатұлы.
Іс-шара барысында Б.Төребеков заңның нормаларының сақталуына белсенді атсалысып жүрген бір топ әртүрлі саланың қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, 2022 жылдың 5-маусымында елімізде бүкілхалықтық референдум өтіп, ата заңымыз Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгерістер енді. Осылайша халқымыз Жаңа Қазақстанды құруға жаңа қадам басты.