Жұма, Қыркүйек 20, 2024
14.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметЖҰМЫСҚА ЕҢ БІРІНШІ КЕЛЕТІН АДАМ

ЖҰМЫСҚА ЕҢ БІРІНШІ КЕЛЕТІН АДАМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын ерекше атап өткен болатын.

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн!», – деді, Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында жұмысқа ең бірінші келетін адам бар. Ол аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ақпараттық технологиялар операторы – Нұрханұлы Ерғали Көшкімбеков.

Ерғали Нұрханұлын аудан әкімі аппараты мен облыс әкімі аппаратының арасындағы «Алтын көпір» деуге де болады. Оның жұмысы – облыста өтетін жиындарға ауданның басшылары мен мамандарының онлайн қатысуы үшін бейнебайланыс конференцияларын ұйымдастырып, оған техникалық қолдау көрсету болып табылады.

Таңғы 9:00-де болатын жиналысқа ВКС жүйесі толық дайын болуы үшін 8:00-8:30-дарда жұмысқа келіп, техникалық тексерулер жүргізеді. Кейде мәжілістердің маңыздылығына қарай демалыс күндері немесе жұмыстан тыс уақытта да ВКС жүйесін қосу керек болады. Осындайда Ерғали Нұрханұлы жұмысының маңыздылығын жете түсініп, әрдайым оған үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сол үшін Ерекеңді аудан әкімі аппаратының ұжымы «Жұмысқа ең бірінші келетін адам» ретінде бәрі мойындайды.   

Е.Көшкімбеков 1984 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Отан алдындағы борышын атқарып, 2007 жылы Мақтаарал гуманитарлық колледжін Механика және техника мамандығы бойынша тәмамдады.  

2009 жылдан бастап Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратында оператор болып қызметін бастап, 2020 жылдан бері Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінде ақпараттық технологиялар операторы болып еңбек етіп келеді.

Ерғали Көшкімбековты әріптестері өз ісіне берілген, жауапкершілігі жоғары кәсіби маман ретінде таниды. Мәселен, жоғарыда аталған бөлімнің бас инспекторы Бекзат Зейілбеков Ерекеңнің биязы, сыпайы, әріптестерімен, қоршаған ортасымен тіл табыса алатын керемет мінезінен үлкен үлгі алатынын айтып жатыр. Оның кәсібилігінен Олжас Серікбаев, Нұрғиса Күнтуған, Біржан Бектұрған сияқты әріптес інілері де тәлім алатындарын жеткізді.

Айта кетейік, Ерғали Нұрханұлы жұмыстан бөлек отбасында да үлгілі көп балалы әке. Бүгінде 1 ұл, 4 қызды тәрбиелеп отыр.  

Д.Аязбеков,

Мақтаарал ауданы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ