Жұма, Қыркүйек 20, 2024
21.5 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтаарал ауданының әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Мақтаарал ауданының әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Ағымдағы жылдың 21 тамызы күні Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Аудан басшысының қабылдауына 13 азамат келіп, өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Қоғамдық қабылдауға аудан әкімімен қатар, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы, дербес бөлім басшылары мен мамандары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар елдімекендердің жалпы инфрақұрылымы, көше бойына бейне бақылау «жылдамтықты тежегіш құрылғы» орнату, аяқжол төсеу, балалар ойын алаңшасын салу, көшелерді асфальттау, көше атауын алу, тұрғын үйді жекешелендіру, кіші футбол алаңшасын салу, ауыз су мұнарасын салу, атаулы әлеуметтік көмек, ауылшаруашылық саласы және жұмысқа орналасу секілді мәселелерді көтеріп, өтініштерін білдірді.

Аудан әкімі қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті басшыларға тұрғындар мәселесін заң шеңберінде шешуді жүктеп, тапсырмалар берді.

Көтерілген мәселелерді бақылауда ұстап, қосымша тиісті жауаптар берілетіндігін айтты.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ