Жұма, Қазан 18, 2024
18.5 C
Мырзакент
ҮйБілім"Мектепке жол" республикалық акциясы өтеді!

«Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді!

Мақтаарал ауданы тұрғындарының назарына!

2024 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы туралы Мақтаарал ауданының білім бөлімі 2024 жылдың 1 тамызы мен 31 қыркүйек аралығында барлық білім беру ұйымдарында «Мектепке жол» Республикалық акциясы

өткізілетінін хабарлайды.

Республикалық акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балалар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық көмек көрсету болып табылады. Аталған акция Министрліктің бастамасымен «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізілуде.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Осыған орай, ауданымыздың барлық азаматтарын, бизнес-құрылымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және жеке кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдарды аталған акцияға, жоғарыда көрсетілген санаттағы отбасы мен балаларға көмек көрсетуге шақырамыз!

Мұқтаж жандарға көмектесуді, сондай-ақ демеушілік көмек көрсетуді қалайтын кез келген азамат бөлімнің колл орталығы 87072756609, 87077756717 байланыс телефондарына хабарласа алады. Қазіргі таңда көмекке мұқтаж балалардың тізімі дайындалуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ