Жексенбі, Қараша 24, 2024
14.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесі және қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесі және қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №120 бұйрығымен Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген.

Бұл ртте, қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі — Кодекс), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және осы Қағидалармен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, сондай-ақ жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда уәкілетті адам жұмыскерлерге қашықтықтан жұмыс істеу немесе аралас қашықтықтан жұмыс істеу белгілеуге құқылы.

Жұмыскерлер, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.

Икемді жұмыс уақыты режимі себептері, уақыт режимі және икемді жұмыс уақыты кезеңі көрсетілген жұмыскердің өтініші негізінде жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.

Икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі алты айдан аспауы тиіс. Тараптардың келісімі бойынша икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі ұзартылуы мүмкін.

Икемді жұмыс уақыты режимінде күнделікті жұмыстың және (немесе) апта сайынғы жұмыстың ұзақтығы Кодекспен және Заңмен белгіленеді.

Бұл ретте, қашықтықтан жұмыс істеу және икемді жұмыс уақыты режимі мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір санатының кәсіби, отбасылық және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы кестені қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, Түркістан облысында нақты 5 650 мемлекеттік қызметші болса, оның ішінде 4 107 (72,7%) ерлер саны 1543 (27,3%) әйелдер саны.

Осы орайда, икемді жұмыс уақыты режимінде 34 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

Мәселен, мемлекеттік қызметшілер балаларын балабақшаға алып бару, алып қайту кезінде уақыт сәйкессіздіктері туындап жатады, оларға жұмыс берушінің келісімімен икемді жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. Бұл мүмкіндікті пайдаланған қызметкер де тәлігне 8 сағат жұмыс істейді. Бірақ оның түскі үзіліс уақыты қысқарып, жұмыстың басталу уақыты мен аяқталу уақытында айырмашылық болады

Бұдан бөлек, күнделікті белгіленген уақыттан артық жұмыс істеуі үшін қызметкердің жазбаша келісімі болуы керек. Басшылық төтенше жағдайлардан басқа кезеңде мұндай құжатсыз ешкімді де жұмсай алмайды.

Ал, жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмағандар мен мүгедектігі бар адамдар артық жұмыс істеуіне тиым салынған.

Егер жұмыс беруші тарапынан акт жасалмай, қызметкер белгіленген уақыттан артық жұмыс істесе жұмыс брушіге ескерту беріледі. Бұл жағдай бір жыл ішінде екінші рет қайталанса, 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру барысында жоғарыда аталған талаптарды ескеріп, оларды сақтау маңызды.

Сонымен қатар, жұмыскер мемлекеттік қызмет, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтаулары қажет.

ҚР МҚІА Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ