Бейсенбі, Қараша 21, 2024
9.5 C
Мырзакент
ҮйMAKTAARAL TVАрық-атыздар бетондалып жатыр

Арық-атыздар бетондалып жатыр

Мақтааралда арық-атыздар бетондалып жатыр. Оған қоса тік және көлденең дренаждар іске қосылған. Нәтижесінде ыза су азайып, жер асты суы төмендеген. Бұл еңбегін жерден теріп өскен шаруалар үшін қолайлы болып тұр. Өйткені шығын аз, су құлақтың соңына дейін жетеді.
 Рамис Махмудов  отыз жылдан бері диханшылықпен айналысады. Ерте көктемде бақша өнімдерін егеді. Мақта ата кәсіпке айналған. Егін алқабы үлкен  каналдың   соңғы жағында орналасқандықтан шіліңгір шілденің ортасында су болмай егісі көктей солып қиналып қалатын.Енді аудан боынша арық-атыздарды бетондау жұмыстары басталғалы етекке ағын су бейпіл келе бастапты. Бұйыртса келесі жылы каналдардың ұлтаны толық бетондаламақ.
 Аудандағы арық-атыздарды бетондау жұмысымен үш бірдей мекеме айналысып жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды Бұл су шығынан азайтып, құлақ соңындағы егін алқаптарына жетуіне мүмкіндік береді. Оған қоса ауданда суды үнемдеу технологиясы кең қолға алынып  жатыр. Биылдың өзінде 1300 гектардан астам жерге дәнді дақыл тамшылатып суару әдісі арқылы еліглен. Басты мақсат суды үнемдеп, жоғары әрі сапалы өнім алу,дейді аудан басшы.
 Ауданда бұдан бөлек тік және көлденең дренаждар жөнделген. Бұл жер асты суының төмендеуіне негіз болмақ. Дихандар ерте көктемде ыза судың көтеріліп кетуінен алқапқа егін еге алмай қиналатын. Жер асты су сорғылары іске қосылып, каналдар бетондалса 8 мыңнан астам шарушылық  агротехнологиялық шараларды уақтылы жүргізіп, дәнді ерте себуіп, ақ алтынды уақтында жинап алуына негіз болмақ.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ