Дүйсенбі, Қыркүйек 23, 2024
16.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметТүркістан облысындағы білім беру обьектілері санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күшейтілген бақылауында

Түркістан облысындағы білім беру обьектілері санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күшейтілген бақылауында

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен кезекті лездемелік жиын өтіп, онда хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мен алдағы жоспарлар пысықталды. Атап айтқанда облыстағы білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы атқарылып жатқан шаралар және салаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

– Білім беру мекемелері жаңа оқу жылында оқушылардың сапалы білім алуымен қатар, саулығының сақталуына да аса көңіл бөлуі қажет. Мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдер медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаты бар болуы тиіс. Осы санитариялық қағидаларға сәйкес білім беру объектілерінің аумағы қоршалып, аумағында функционалдық қатысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмеуі керек. Аумақтық басқармалар тарапы дезинфекциялық ерітінділерді пайдалану арқылы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп, жәндіктердің, кенелердің және кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілуіне бақылау жасасын. Жалпы білім беру объектілері санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күшейтілген бақылауында тұру қажет, – деді департамент басшысы Нұрбек Нышанов.

Жиын барысында департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы әрбір салада атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, ұсыныстарды тыңдады. Жоспарлы жұмыстарды ширату жөнінде тапсырма жүктеп, орындалуын бақылауға қойды. Сонымен қатар, өңірдегі кез-келген инфекциялық, паразитарлық аурулардың алдын-алу, азаматтардың тағамнан жаппай улаунуына жол бермеу, кез-келген тексерулерді заң аясында іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ