Дүйсенбі, Қыркүйек 23, 2024
26.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Amanat aqylman" интеллектуалды ойыны өтті

Мақтааралда «Amanat aqylman» интеллектуалды ойыны өтті

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен және Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты мен Мақтаарал аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен өткізілген интеллектуалды ойындардың ашылуына Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Саттаров Нұрбол Жақсылықұлы, партия жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Олжас Мамыр, Мақтаарал аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ердешов Махамбет Ошантайұлы, Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының басшысы Салиев Ержан Пердебекұлы және «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы қатысып, іс-шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңімпаздар тұғырынан көрінуге тілектес екендіктерін білдірді.

Интеллектуалды ойынының мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «AMANAT» партиясы Жастар Рухы қанатының кезектен тыс VI съезіндегі бейне үндеуінде «Жастардың бойында болуы қажет үш қасиет ретінде терең білім, еңбекқорлық, отансүйгіштікті» атаған болатын. Жастар бойындағы осы қасиеттерді дамыту;

Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын зерттеу арқылы жастар арасында кеңінен насихаттау;

Қоғамдық белсенділікті дамытуға үлес қосу.

Жүргізуші қатысушы топтарға инттелектуалды ойынның ережелерімен таныстырып, ойынның төрт кезеңнен тұратындығы, онда облыс, аудан тарихы, өнер және спорт саласы, логикалық сұрақтар және партиялық жобалар мен мемлекеттік басқаруға қатысты сұрақтар болатынын, сұрақтар ЛЕД экраннан көрсетілетіндігін, әр кезеңдегі сұрақтарға жауап беру үшін 30 секунд пен бір минут арасында уақыт берілетіндігін түсіндірді.

Интелектуалды ойындардың бүгін өткен іріктеу кезеңіне аудан әкімі аппараты, бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері, депутаттар, кітапхана ұжымы, Атакент ауруханасының ұжымы, жастар орталығының ұжымы, мәдениет саласының ұжымы және спорт саласының өкілдерінен жалпы 9 команда қатысып, ойын ережесі бойынша 4 шартты орындап шықты.

Командалардың дайындығын Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, партия жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Олжас Мамыр, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы және Мақтаарал аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ошантаев Нұркен Махамбетұлы бағалап, бағасын берді.

Жарыс қорытындысы бойынша «AMANAT AQYLMEN» интеллектуалды ойынында алға озған 3 жеңімпаз анықталды. 🥉III-орынды спорт саласының өкілдерінен құралған «Намыс» командасы иеленсе, 🥈II-орыннан аудандық кітапхана ұжымынан құралған «Кітап Team» командасы көрінді.«Атакент» ауруханасының ұжымынан құралған «Қыран» командасы 🥇I-орынды қанжығалап, жеңімпаз атанып, ойындардың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жарысқа қатысушы командаларға «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов атынан алғыс хат пен дипломдар, сертификат пен сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, интеллектуалды ойындардың шешуші кезеңі Түркістан қаласында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтеді.

Облыс жеңімпазы болған команда Республикалық сайысқа жолдама алады.

#AMANAT

«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ