Сейсенбі, Желтоқсан 3, 2024
6 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚМақтаарал аудандық соты дәлелдер мен уәждерді мұқият саралап, әділ шешім шығарады деп...

Мақтаарал аудандық соты дәлелдер мен уәждерді мұқият саралап, әділ шешім шығарады деп сенейік

Халық өзі таңдаған үміткерді сайлап алуға билік кедергі келтірсе, сайлау комиссиясы биліктің дегенінен шыға алмаса-сайлау өткізіп, халықтың төлеп отырған салығын ысырап етпей-ақ қойған жөн.

Бюллетеньдерге, сайлау комиссиясы мүшелеріне жалақыға деп қыруар қаржыны желге ұшырудың керегі не?

Тек депутаттарды ғана емес, ауыл, аудан әкімдерін де халық сайлап алатын заң шыққалы жыл он екі ай сайлаусыз өтпейтін болды. Ал сайлау комиссиясы мүшелері осы күнге дейін нағыз кәсіби маман боп шығатындай уақыт болды ғой.

Бірақ ,сол жалақы алып, әділ сайлау өткізу жауапкершілігін арқалаған сайлау комиссиясы мүшелері кейде өз міндеттерін атқаруға біліктілігі жетпей немесе бұра тартатыны бар.

Былтыр түрлі деңгейдегі депутаттарды сайлау кезінде Мақтаарал ауданы Нұрлыбаев ауылдық округіндегі округтік сайлау комиссиясы бір азаматқа кандидат куәлігін беріп, ол кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген кезде үміткерді сайлаудан шеттетіп тастаған еді. Үміткер бұрын сыбайлас жемқорлықпен сотты болған екен деген себеппен. Сонда округтік сайлау комиссиясы үміткер куәлігін берерден алдыңғы «сүзгіден өткізу » кезеңінде неге оның соттылығы туралы мәліметке көз жұма қараған, әлде сыбайлас жемқорлықпен сотты болған адамның сайлауға түсе алмайтынын білмеген бе?

Биыл да тура осы сайлау округінен шу шықты. Аудандық мәслихатқа түсіп жатқан үміткерге үміткер куәлігін беріп, кейіннен «үміткердің әйелі салық декларациясын тапсырғанда мекен-жайы бойынша тапсырмаған» деген сылтаумен үміткерліктен алып тастапты.Бұған келіспеген үміткер сотқа жүгініп жатыр.

Мақтаарал аудандық соты дәлелдер мен уәждерді мұқият саралап, әділ шешім шығарады деп сенейік.

(с) Нұржамал Реметова, блогер, қоғам белсендісі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ