Skip to content
Басты бет / СЭС / Туберкулез ауруының алдын алу

Туберкулез ауруының алдын алу

28

• Жаңа туған нәрестелер перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен вакцинацияланады, егер нәрестеде медициналық қарсы көрсеткіштері бар болса, екі айға толғанға дейін вакцинацияны емдеу мекемелерінде алады. Ал, екі айдың ішінде вакцинацияны алмаған жағдайда балаға Манту сынамасы жүргізіледі, Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі.

• 14 жасқа дейінгі «Қауіп тобындағы» (әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан балалар, екі аптадан астам ұзақ жөтелу белгілері бар балалар, әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда ДЕ-те тұрған балалар, жабық оқу орындарының балалары, вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі тыртықтары өнбеген балалар, гормондық терапияны қабылдайтын балалар, иммундық супрессивті терапияны алатын балалар) және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасымен жылына 1 рет қамтылады;

• Міндетті түрде флюорографиялық тексерілуден кем дегенде жылына 1 рет өту.

• Салауатты өмір салтын ұстану – жүйелі түрде белсенді дене шынықтырумен айналысу, спортпен айналысу, жақсы демалу;

• Тиімді тамақтану — бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде қолдану;

• Зиянды әдеттерден аулақ болу — темекі, алкоголь, есірткіні тұтынбау;

• Жеке тазалық тәртібін сақтау – жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу;

• Таза ауада жиі болып, табиғат аясында демалыс жасау;

• Үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, (ылғалды) тазалап отыру;

• Қақырықты түкіре салмау – аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑