Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда «Жігерлі ел» қоғамдық ұйымының төрайымы өз таңдауын жасады

Мақтааралда «Жігерлі ел» қоғамдық ұйымының төрайымы өз таңдауын жасады

31

«Жігерлі ел» қоғамдық ұйымының төрайымы Сәулеш Ерманова Мақтаарал ауданындағы №422 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Қоғамдық өмірге белсенді араласатын Сәулеш Ерманова сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, өз пікірін білдірді.

«Бүгінгі сайлау – әр азаматтың елдің ертеңіне қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды қоғамдық кезең. Мен де азаматтық міндетімді орындап, өз таңдауымды жасадым. Себебі елдің болашағына бейжай қарамай, қоғамдық үдерістерге белсенді араласу – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз деп есептеймін. Құрылтай сайлауының ерекшелігі – халықтың пікірін естіп, елдің әр өңіріндегі өзекті мәселелерді көтеретін азаматтарды таңдауға мүмкіндік берілуінде. Құрылтайға баратын азаматтар халықтың мұң-мұқтажын, ұсынысы мен талабын жеткізе алуы керек. Сондықтан бұл жерде әр дауыс маңызды деп ойлаймын. Әр азамат өзінің дауысын саналы түрде беріп, елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы қажет. Біздің бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі қоғамның қалыптасуына әсер ететін қадам. Ең бастысы, елдің бірлігі бекем болып, халықтың әл-ауқаты артып, Қазақстанның болашағы жарқын болсын деп тілеймін», – деді Сәулеш Ерманова.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 62 сайлау учаскесі бар. Оның 59-ы ашық, 3-еуі жабық. Аудан бойынша 69 167 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.