Skip to content
Басты бет / СЭС / Ұйымдасқан ұжымдарда тағамнан уланудың алдын алу шаралары

Ұйымдасқан ұжымдарда тағамнан уланудың алдын алу шаралары

20

-асханада жұмыс істейтін қызметкерлердің уақытылы бактериологиялық зерттеуден өтуі;

— тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуін қадағалау;

— тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитариялық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы;

— тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау;

— консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау;

— азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау;

— сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;

— шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату; — үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;

— ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру;

— салқын тағамдар мен салаттарды тек 1,5 сағатқа ғана сақтау; тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеп жатқандығын қадағалау.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.